«Тағдырыңның кілті – өз қолыңда»
«Тағдырыңның кілті – өз қолыңда» атты мотивациялық кездесу Бүгін Оразбай атындағы №115 негізгі орта мектебі қабырғасында ерекше білім беруді қажет ететін оқушыларға арналған тағылымы мол, әсерлі кездесу өтті. «Тағдырыңның кілті – өз қолыңда» тақырыбындағы бұл шараның басты мақсаты – оқушыларға өмірлік бағыт-бағдар беру, олардың өз мүмкіндіктеріне деген сенімін арттыру және табысты болуға жігерлендіру болды. Кездесуге мектептің табысты түлектері арнайы шақырылып, өз өмір жолдары, жетістікке жету