Материалы за Март 2026 года » «№115 Оразбай атындағы негізгі орта мектебі» КММ
Шымкент қаласының
Білім басқармасының
"Оразбай атындағы №115 негізгі орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Болашаққа сау тіспен"
17
март
2026
"Болашаққа сау тіспен"
2026 жылы 17 наурызда Оразбай атындағы 115 негізгі орта мектебінде бастауыш сыныптар арасында "Болашаққа сау тіспен" атты сурет байқауы болып өтті. Мақсаты: балаларға ауыз қуысы гигиенасы ның маңызын түсіндіру, тіс күтімі мәдениетін қалыптастыру, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу
"Ыстық тамақ"
17
март
2026
"Ыстық тамақ"
"Ыстық тамақ" 17.03.2026ж  күні мектептің бракераж комиссиясы мектеп асханасының санитарлық-эпидемиологиялық жағдайына және оқушыла рдың ыстық тамағының сапасы талапқа сәйкестігін тексерді. Азық- түлік қоймаларының талапқа сай болуы, Бақылау асының  талапқа сай  сақталуы тексерілді. Тамақ өнімдерінің сапасын растайтын құжаттардың сәйкестігі, дайын тамақтың органолептикалық бағалау (түсі,иісі,дәмі) анықтап, дайын тамақтың көлем мөлшерін және оқушы санына сәйкестігіне бақылау жасалды.           
17 наурыз -Шаңырақ күні.
17
март
2026
17 наурыз -Шаңырақ күні.
17 наурыз -Шаңырақ күні. Бұл күн – халқымыздың ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан асыл мұрасын, ұлттық құндылықтарын ұлықтайтын ерекше күн. Қазақтың салт-дәстүрі – тәрбиенің бастауы, бірліктің белгісі, ұрпаққа жол көрсететін рухани қазына. Ата – ақылдың кені, Әже – даналықтың бұлағы. Ата-әжеміз бізге әрдайым адал болуды, үлкенді құрметтеп, кішіге қамқор болуды үйретеді. Олардың айтқан әрбір өсиеті – өмірге жол көрсететін шамшырақ. Ата өсиеті – ақыл мен парасаттың жолы, Әже өнегесі – мейірім мен
"Мәдениет және ұлттық салт -дәстүр"
16
март
2026
"Мәдениет және ұлттық салт -дәстүр"
Шымкент қаласы Оразбай  атындағы №115 негізгі орта мектебінде "Наурызнама" онкүндік аясында "Мәдениет және ұлттық салт -дәстүр" күніне арналған іс-шара өтті . Шара барысында оқушылар қазақтың ұлттық дәстүрлерін насихаттап, ән айтып, би билеп. Наурыз көже ұсынылып, көріністер қойылды. Бұл мереке оқушыларға ұлттық құндылықтарды дәріптеп, бірлік пен татулықты нығайтуға үлкен мүмкіндік берді. Баршаңызды Наурыз мейрамымен құттықтаймыз! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!
"Мейірім жүректен"
15
март
2026
"Мейірім жүректен"
Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты Оразбай атындағы №115 негізгі орта мектебінде 15.03.2026 жылы "Мейірім жүректен" атты ұлттық спорт түрлерінен іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шараға мектеп оқушылары мен ауыл тұрғындары белсене қатысты.  #тәрбие #біртұтастәрбие #Білімбасқармасы #Әдістемелікорталық #біртұтас_тәрбие #Біртұтас_тәрбие_Шымкент #наурызнама  #Өзінөзібасқару #Адал_ұрпақ #заң_және_тәртіп #қауіпсіздіксабағы
14-наурыз "Көрісу күні"
14
март
2026
14-наурыз "Көрісу күні"
14 наурыз – Амал күні, Көрісу мерекесі құтты болсын! Бұл күн – адамдардың бір-бірімен қауышып, амандық сұрасып, ізгі тілектер айтатын ерекше мейрамы. Береке мен бірлік, татулық пен мейірім әр шаңырақтан арылмасын! Ұлыстың ұлы күні қарсаңындағы бұл мереке баршаңызға қуаныш, амандық және молшылық әкелсін! Баршаңызды Амал күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
НАУРЫЗНАМА ОНКҮНДІГІ
13
март
2026
НАУРЫЗНАМА ОНКҮНДІГІ
НАУРЫЗНАМА ОНКҮНДІГІ   Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамына орай мектебімізде Наурызнама онкүндігі ұйымдастырылады.   Бұл күндері ұлттық дәстүрлеріміз дәріптеліп, оқушыларымыз халқымыздың салт-дәстүрлері мен құндылықтарымен танысады.   ✨ Наурызнама жоспары:   🔹 12 наурыз – Бастау күні   🔹 13 наурыз – Дәстүр күні   🔹 14 наурыз – Көрісу күні   🔹 15 наурыз – Қайырымдылық күні   🔹 16 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні   🔹 17 наурыз – Шаңырақ күні   🔹 18 наурыз – Ұлттық киім күні   🔹 19
" Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу және болдырмау"
12
март
2026
" Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу және болдырмау"
Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты Оразбай атындағы №115 негізгі орта мектебінде 11.03.2026 жылы Шымкент қаласы Діни істер басқармасының теолог маманы Аманкелді Нұрдаулет Бақытұлы.  " Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу және болдырмау"? тақырыбында кездесу өткізілді. Кездесу барысында теолог маман діни ағымдар туралы жан-жақты түсіндіру жұмыстарын жүргізді.  #тәрбие #біртұтастәрбие #Білімбасқармасы #Әдістемелікорталық #біртұтас_тәрбие #Біртұтас_тәрбие_Шымкент
«Абайлаңыз, бағдаршам!» сурет байқауы
12
март
2026
«Абайлаңыз, бағдаршам!» сурет байқауы
«Абайлаңыз, бағдаршам!» сурет байқауы Мектебімізде Өзін-өзі басқару ұйымы. Жол қауіпсіздігін насихаттау мақсатында 5-сынып оқушылары арасында «Абайлаңыз, бағдаршам!» тақырыбында сурет байқауы өткізілді. Байқаудың мақсаты – оқушыларға жол қозғалысы ережелерін түсіндіру, жол белгілерін таныту және жолда қауіпсіз жүру мәдениетін қалыптастыру. Оқушылар байқауға белсенді қатысып, жол қауіпсіздігі, бағдаршамның маңызы, жаяу жүргіншілердің жолдан өту ережелері туралы өз ойларын сурет арқылы жеткізді.
Заң және тәртіп
12
март
2026
Заң және тәртіп
"Заң және тәртіп" Мектебімізде заң және тәртіп тақырыбында 6 А сынып оқушылары диктант жазды.Іс-шараның мақсаты-оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңға құрметпен қарауға және тәртіпті сақтаудың маңызын түсіндіру.  Диктант барысында оқушылар өз білімдерін көрсетіп, қоғамдағы жауапкершілік пен адалдық жайлы ой қозғады.  Мұндай іс-шаралар жас ұрпақтың саналы әрі тәртіпті азамат болып қалыптасуына үлкен үлес қосады.