28
апрель
2026
«Тағдырыңның кілті – өз қолыңда»
«Тағдырыңның кілті – өз қолыңда» атты мотивациялық кездесу
Бүгін Оразбай атындағы №115 негізгі орта мектебі қабырғасында ерекше білім беруді қажет ететін оқушыларға арналған тағылымы мол, әсерлі кездесу өтті. «Тағдырыңның кілті – өз қолыңда» тақырыбындағы бұл шараның басты мақсаты – оқушыларға өмірлік бағыт-бағдар беру, олардың өз мүмкіндіктеріне деген сенімін арттыру және табысты болуға жігерлендіру болды.
Кездесуге мектептің табысты түлектері арнайы шақырылып, өз өмір жолдары, жетістікке жету барысында кездескен қиындықтары мен оны жеңу тәсілдері туралы шынайы әңгімелерімен бөлісті. Олар әр адамның тағдыры өз қолында екенін, табандылық пен еңбек арқылы кез келген мақсатқа жетуге болатынын нақты мысалдармен жеткізді.
Оқушылар белсенділік танытып, көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, өз ойларымен бөлісті. Әсіресе, ерекше білім алушылар үшін мұндай жүздесу олардың бойында үміт отын жағып, болашаққа деген сенімдерін нығайтты. Кездесу барысында жылы атмосфера орнап, шынайы әңгімелер мен пайдалы кеңестер айтылды.
Бұл шара оқушыларға үлкен мотивация беріп қана қоймай, олардың жүрегінде «Менің де қолымнан келеді!» деген сенімді қалыптастырды. Расында да, әр адамның тағдыры – өз қолында. Ең бастысы – сену, талпыну және алға қадам жасау
#Шымкентқаласыәдістемелікорталық
#Біргемізбіргеүйренеміз
#Әрбаладанадара