14
май
2026
«25 МАМЫР – СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ»
«25 МАМЫР – СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ» ҚАРСАҢЫНДА 9-СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ АТА-АНАЛАРЫМЕН ЖӘНЕ СЫНЫП ЖЕТЕКШІЛЕРІМЕН ЖИНАЛЫС ӨТКІЗІЛДІ
Жиналыстың басты мақсаты – мектеп бітіруші түлектердің соңғы қоңырау мен мектеп бітіру кештерін қауіпсіз, мәдениетті әрі тәртіп аясында өткізуіне ата-аналармен бірлесе жауапкершілікпен қарау.
2026 жылдың 14 мамыр күні Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №115 Оразбай атындағы негізгі орта білім беретін мектебінде 9-сынып оқушыларының ата-аналарымен
«25 мамыр – Соңғы қоңырау» мерекесіне байланысты қауіпсіздік және құқықтық түсіндіру бағытында жиналыс өткізілді.
Жиналысқа Шымкент ҚПД Қаратау АПБ КҚБ ЮПИ ,полиция майоры Балтабаева Айжан Нуржановна ,
мектеп директоры
Ж.Н.Асибекова, ДТІЖО:Д.Д.Кирбасов , Л.Ж.Абдырахманова , 9-сынып жетекшілері және ата-аналар қатысты.
Кездесу барысында соңғы қоңырау және мектеп бітіру іс-шаралары кезіндегі қауіпсіздік талаптары, қоғамдық тәртіпті сақтау, жол қозғалысы ережелерін қатаң ұстану, құқықбұзушылықтың алдын алу мәселелері кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар, кәмелетке толмаған жасөспірімдердің түнгі уақытта заңды өкілінсіз жүрмеуі, қоғамдық орындардағы тәртіп сақтау мәдениеті, зиянды әдеттердің алдын алу мәселелері де назарға алынды.
Жиналыс барысында автокөлік кортеждерін ұйымдастыруға, заңсыз қаражат жинауға, су айдындары мен қауіпті аймақтарға баруға, рұқсат етілмеген орындарда мерекелік кештер өткізуге жол бермеу жөнінде ескертулер айтылды. Оқушылардың өмір қауіпсіздігін сақтау мақсатында ата-аналарға б
алаларының бос уақытын бақылауда ұстау қажеттігі түсіндірілді.
Сондай-ақ әлеуметтік желілердегі қауіпсіздік, интернеттегі алаяқтықтан сақтану, белгісіз парақшалар мен қауіпті контенттен қорғану туралы маңызды ақпараттар берілді. Қоғамдық көлікпен жүру кезіндегі қауіпсіздік талаптары, жол ережелерін сақтау және жауапкершілік мәселелері де кеңінен талқыланды.
Мектеп әкімшілігі тарапынан оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқықбұзушылықтың алдын алу бағытындағы профилактикалық және түсіндіру жұмыстары алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасатыны атап өтілді.
#АдалАзамат #біртұтастәрбие #ЗАҢменТӘРТІП #құқықбұзушылықтыңалдыналу #жасөспірімжәнезаң #соңғықоңырау #ЗАКОНИПОРЯДОК
Жиналыстың басты мақсаты – мектеп бітіруші түлектердің соңғы қоңырау мен мектеп бітіру кештерін қауіпсіз, мәдениетті әрі тәртіп аясында өткізуіне ата-аналармен бірлесе жауапкершілікпен қарау.
2026 жылдың 14 мамыр күні Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №115 Оразбай атындағы негізгі орта білім беретін мектебінде 9-сынып оқушыларының ата-аналарымен
«25 мамыр – Соңғы қоңырау» мерекесіне байланысты қауіпсіздік және құқықтық түсіндіру бағытында жиналыс өткізілді.
Жиналысқа Шымкент ҚПД Қаратау АПБ КҚБ ЮПИ ,полиция майоры Балтабаева Айжан Нуржановна ,
мектеп директоры
Ж.Н.Асибекова, ДТІЖО:Д.Д.Кирбасов , Л.Ж.Абдырахманова , 9-сынып жетекшілері және ата-аналар қатысты.
Кездесу барысында соңғы қоңырау және мектеп бітіру іс-шаралары кезіндегі қауіпсіздік талаптары, қоғамдық тәртіпті сақтау, жол қозғалысы ережелерін қатаң ұстану, құқықбұзушылықтың алдын алу мәселелері кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар, кәмелетке толмаған жасөспірімдердің түнгі уақытта заңды өкілінсіз жүрмеуі, қоғамдық орындардағы тәртіп сақтау мәдениеті, зиянды әдеттердің алдын алу мәселелері де назарға алынды.
Жиналыс барысында автокөлік кортеждерін ұйымдастыруға, заңсыз қаражат жинауға, су айдындары мен қауіпті аймақтарға баруға, рұқсат етілмеген орындарда мерекелік кештер өткізуге жол бермеу жөнінде ескертулер айтылды. Оқушылардың өмір қауіпсіздігін сақтау мақсатында ата-аналарға б
алаларының бос уақытын бақылауда ұстау қажеттігі түсіндірілді.Сондай-ақ әлеуметтік желілердегі қауіпсіздік, интернеттегі алаяқтықтан сақтану, белгісіз парақшалар мен қауіпті контенттен қорғану туралы маңызды ақпараттар берілді. Қоғамдық көлікпен жүру кезіндегі қауіпсіздік талаптары, жол ережелерін сақтау және жауапкершілік мәселелері де кеңінен талқыланды.