«Жасанды интеллектіні логопед сабағында тиімді пайдалану»
4 сәуір күні Оразбай атындағы №115 негізгі орта мектебі базасында қалалық семинар жоғары деңгейде ұйымдастырылып өтті. Аталған іс-шарада білім беру саласындағы заманауи бағыттар, әсіресе Жасанды интеллект мүмкіндіктерін оқу процесінде тиімді қолдану мәселелері кеңінен қарастырылды. Семинар аясында логопед мұғалім Шарипбаева Динара Акжоловна «Жасанды интеллектіні логопед сабағында тиімді пайдалану» тақырыбында шебер сынып өткізді. Сабақ барысында педагог жасанды интеллект құралдарын қолдану