№115 негізгі орта білім беретін мектебінде қалалық ата-аналар жиналысы онлайн өткізілді. » «№115 Оразбай атындағы негізгі орта мектебі» КММ
Шымкент қаласының
Білім басқармасының
"Оразбай атындағы №115 негізгі орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » №115 негізгі орта білім беретін мектебінде қалалық ата-аналар жиналысы онлайн өткізілді.
24
май
2026

№115 негізгі орта білім беретін мектебінде қалалық ата-аналар жиналысы онлайн өткізілді.

ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫС: АТА-АНА НЕНІ ЕСКЕРУІ КЕРЕК?

24.05.2026 күні Оразбай атындағы 
 №115 негізгі орта  білім беретін мектебінде қалалық ата-аналар жиналысы онлайн өткізілді.

Шымкент қаласы білім басқармасы басшысының орынбасары Гүлнәр Дәрібаеваның төрағалығымен өткен іс-шараға құзырлы мемлекеттік орган өкілдері мен ата-аналар қауымы қатысты. Жиынға Шымкент қаласындағы 300-ге жуық мектеп Zoom платформасы арқылы қосылды. Алқалы басқосуды қаладағы 15 мыңға жуық ата-ана онлайн форматта тамашалады.

Жиында оқу жылын аяқтау іс-шараларын тиісті деңгейде ұйымдастыру және жазғы демалыс кезеңінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері қаралды.

Ауқымды басқосуда білім басқармасы басшысының орынбасары Гүлнәр Дәрібаева, Полиция департаменті қоғамдық қауіпсіздік басқармасы бастығының орынбасары, полиция полковнигі Ғабитжан Жандарбеков, қала прокурорының аға көмекшісі Қайсар Қалдыбаев және Төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі, азаматтық қорғау капитаны Асқар Шәріп баяндама жасады.

Спикерлер мектеп бітіру іс-шаралары барысында қоғамдық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтың алдын алу, сондай-ақ жазғы каникул кезіндегі судағы және өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау қажеттігін атап өтті.
Жиын барысында балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау — мемлекеттік органдар мен ата-аналардың ортақ міндеті екені ерекше айтылып, заңды өкілдердің құқықтық жауапкершілігі түсіндірілді.

Шара соңында ата-аналар тарапынан қойылған сұрақтарға заңнама талаптарына сәйкес ресми жауаптар берілді.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив