"Мәдениет және ұлттық салт -дәстүр"
Шымкент қаласы Оразбай атындағы №115 негізгі орта мектебінде "Наурызнама" онкүндік аясында "Мәдениет және ұлттық салт -дәстүр" күніне арналған іс-шара өтті . Шара барысында оқушылар қазақтың ұлттық дәстүрлерін насихаттап, ән айтып, би билеп. Наурыз көже ұсынылып, көріністер қойылды. Бұл мереке оқушыларға ұлттық құндылықтарды дәріптеп, бірлік пен татулықты нығайтуға үлкен мүмкіндік берді. Баршаңызды Наурыз мейрамымен құттықтаймыз! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!