02
декабрь
2025
“Кітап оқитын ұлт” жобасы аясындағы оқушылар арасындағы талқылау

115 мектепте 6-сынып оқушылары арасында Қажымұқан Мұңайтпасұлының өміріне арналған кітапты талқылау мақсатында мазмұнды басқосу өтті. Іс-шараның мақсаты – оқушыларға қазақтың әйгілі балуаны Қажымұқанның ерлігі мен өмір жолы туралы тереңірек түсінік беру, әрі оқуға қызығушылығын арттыру.
Оқушылар кітап мазмұнын талдап, Қажымұқанның күрес жолындағы қиындықтары мен жеңістері туралы әсерлі оқиғаларды еске түсіріп, өзара пікір алмасты. Әр оқушы өзіне ұнаған тұстарын, Қажымұқанның тұлғалық қасиеттерінен үлгі боларлық ерекшеліктерді атап өтті.
Кітапхана қызметкерлері талқылау барысында оқушыларға бағыт-бағдар беріп, түсініксіз қалған эпизодтарды түсіндірді. Сонымен қатар Қажымұқанның өміріндегі негізгі кезеңдер қысқаша баяндалып, балалардың ұлттық тұлғаларға деген қызығушылығын арттырды.
Сұрақ-жауап кезеңінде оқушылар белсенділік танытып, қойылған сұрақтарға бірлесе отырып жауап іздеді, өз ойларын дәлелдеуге тырысты. Бұл олардың ойлау қабілетін дамытып, өзіндік пікір қалыптастыруына ықпал етті.
Осындай іс-шаралар оқушылардың кітап оқуға ынтасын арттырып қана қоймай, ұлттық қаһармандарды танып-білуге, олардың өмір жолынан өнеге алуға мүмкіндік береді.