04
март
2026
Құрметті әріптестер,ата-аналар және оқушылыр назарына!
Құрметті әріптестер, ата-аналар және оқушылар!
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2026 жылғы 19 қаңтардағы №8 бұйрығымен бекітілген Әдеп жөніндегі уәкілдердің 2026 жылға арналған үлгілік жоспарына сәйкес, мереке күндері қарсаңында жалпыға бірдей қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын сақтау және қызметтік әдеп талаптарын бұзуға жол бермеу мақсатында төмендегіні назарларыңызға саламын.
“8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні” мерекесіне орай білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлеріне, оның ішінде мектеп әкімшілігі мен мұғалімдерге, өздерінің қызметтік өкілеттіктерін пайдалана отырып, ата-аналардан, білім алушылардан немесе өзге де тұлғалардан қандай да бір сыйлықтар, ақшалай қаражат, материалдық игіліктер немесе қызметтер қабылдауға жол берілмейді.
Аталған талаптар Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы мен мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларына сәйкес белгіленген. Қызметтік әдеп қағидаларын сақтау – әрбір қызметкердің міндеті.
Осыған байланысты, мерекелік іс-шаралар барысында заңнама талаптарын қатаң сақтауларыңызды, ақшалай қаражат пен кез келген сыйлықтарды қабылдауға жол бермеулеріңізді сұраймыз.
Әдеп нормаларын сақтау – баршамызға ортақ жауапкершілік!
Мектеп директоры
Асибекова Жадра Назимханқызы