Үздік оқытушы » «№115 Оразбай атындағы негізгі орта мектебі» КММ
Шымкент қаласының
Білім басқармасының
"Оразбай атындағы №115 негізгі орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
31
декабрь
2022

Үздік оқытушы

Шымкент қаласы "Дарын " орталығы ұйымдастыруымен 2022-2023 оқу жылындағы жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-6 сынып оқушыларының қалалық кезеңінде Оразбай атындағы 115 негізгі орта мектебінің оқушылары жүлделі орындарға ие болды.
   Зерттеу жобалар конкурсының екінші кезеңінің жеңімпаздары 9"А"-сынып оқушысы  Үсенхан Толқын I -орын,  9"ә"сынып оқушысы Қалдыбек Алихан ие болды. 
 Пән мұғалімі-Садырбаева Клара .
   Қазақстан тарихы пәні бойынша 6"А"-сынып оқушысы Кобланбек Ұлдана ll орынға ие болды
Пән мұғалімі-Абдырахманова Лазипа
 Қазақ тілі және әдебиеті пәні бойынша 5"А"-сынып оқушысы Тұрсын Меруерт ll  орынға ие болды
Пән мұғалімі-Андакулова Алтынай.
  Шымкент қаласының "Дарын  орталығының "КММ директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты "Үздік оқытушы" атағының иегері Джеренова Раушан  Омарханқызы оқушыларымызды ll дәрежелі дипломмен құттықтады. Сонымен қатар оқушыларымызға безпроводные  Bluetooth наушники Samsung Galaxy Bugs live сыйлықтар келді.
     Мектебіміздің директоры Асибекова Жадра Назымхановна оқушыларды жаңа жылмен құттықтап, сыйлықтарды табыс етіп,оқушыларды оқуға деген құштарлықтарын ынталандыра түсті.Сыйлықтарын құтты болсын оқушылар.
#Дарын_орталығы 
#Шымкент_қаласы
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив