ІІМ Ата-аналарға үндеу жасады » «№115 Оразбай атындағы негізгі орта мектебі» КММ
Шымкент қаласының
Білім басқармасының
"Оразбай атындағы №115 негізгі орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
15
апрель
2025

ІІМ Ата-аналарға үндеу жасады

Ішкі істер министірлігі ата-аналарға үндеу жасады.Министірлік  мәліметінше,23 жасөспірім есірткі қылмысы үшін ұсталған.
"Құрметті азаматтар! ІІМ  есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті кәмелетке толмағандарды есірткінің айналымына тарту фактілерінің  жалғасуына байланысты алаңдаушылық білдіреді.Биыл үш айда  бүкіл ел бойынша тыйым салынған заттарды сақтауға және таратуға қатысты бар деген күдікпен 23 жасөспірім ұсталды.Олардың ішінде колледждердің бірінші курс студенттері мен 9-11 сынып оқушылары бар",-делінген хабарламада.
ІІМ заңды білмеу жауапкершіліктен босатпайтынын атап өтті.
"Есірткі қылмысы үшін қылмыстық жауапкершілік 16 жастан басталады.Қасзақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 296 және 297-баптарына сәйкес есірткіні сақтағаны және таратқаны үшін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.Бұдан басқа,Қылмыстық кодексінің 299-1-бабында  ексірткіні,оның ішінде интернет және әлеуметтік желілер арқылы насихаттау мен жарнамалау үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылды. Құрметті ата-аналар! Сіздерді балаларыңыздың ортасына және олардың бос уақытында не істейтініне ерекше назар аударуға шақырамыз.Қауіптің алдын алу маңызды!Балалардың болашағы біздің қолымызда!Бірлесіп қана есірткісіз ,қауіпсіз қоғам құра аламыз!"-деп толықтырды ІІМ өкілі Қуандық Әлжанов

#115 НОМ
#Заңорындау
#Ішкіістерминистірлік
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив