Ел ертеңі – білімді ұрпақтың қолында » «№115 Оразбай атындағы негізгі орта мектебі» КММ
Шымкент қаласының
Білім басқармасының
"Оразбай атындағы №115 негізгі орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ел ертеңі – білімді ұрпақтың қолында
22
май
2025

Ел ертеңі – білімді ұрпақтың қолында

«AMANAT» ПАРТИЯСЫ: ОЛИМПИАДА ЖЕҢІМПАЗДАРЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Шымкент қаласында «AMANAT» партиясының аудандық филиалының ұйымдастыруымен «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында пәндік олимпиадаларда топ жарып, қаланың абыройын асқақтатқан оқушыларға арнайы құрмет көрсетілді.

Іс-шараға Қаратау аудандық филиалының төрағасы Бауыржан Кеңесұлы қатысып, әртүрлі мектептерден жиналған 20-ға жуық дарынды оқушыға өзінің алғыс хатын табыстап, бағалы сыйлықтар тарту етті. 
«Бүгін біз тек үздіктерді ғана емес, болашақтың жарқын иелерін марапаттап отырмыз. Ел ертеңі – білімді ұрпақтың қолында. Сіздердің жетістіктеріңіз – тұтас қаламыздың мерейі. Алда да осындай жетістіктеріңіз көп болсын», – деді Бауыржан Кеңесұлы оқушыларға. Солардың қатарында мектебіміздің бес оқушысы:
1. 4-сынып оқушысы Қожахмет Кәусар
2. 8-сынып оқушысы Корокулов Нұрсаян
3. ⁠8-сынып оқушысы Жайлаубай Ақерке
4. ⁠5-сынып оқушысы Райымбек Нұрасыл
5. ⁠8-сынып оқушысы Полат Шадияр да  бар.
Оқушыларымыз бұған дейін түрлі деңгейдегі жарыстарға қатысып, көптеген марапатқа ие болған.
 Дарынды оқушыларымызға шабыт сыйлаған Бауыржан Кеңесұлына алғысымыз шексіз! 
#AMANAT
#тәрбие
#біртұтастәрбие
#Білімбасқармасы
#Әдістемелікорталық
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив