Біз туралы » Страница 45 » «№115 Оразбай атындағы негізгі орта мектебі» КММ
Шымкент қаласының
Білім басқармасының
"Оразбай атындағы №115 негізгі орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
Болашақ футболист
21
сентябрь
2023
Болашақ футболист
Оразбай атындағы №115 негізгі орта мектебінің дене шынықтыру пәні бірлестігінің жылдық жоспарына сәйкес, мектебіміздің 8-9 сынып оқушылары арасында кіші футболдан (7*7) мектепішілік жарысы болып өтті. Тартысқа толы жарыс барысының нәтиежесі төмендегідей: 1 орын 9 "А" сыныбы 2 орын 8 "Б" сыныбы 3 орын 8 "В" сыныбы #Шымкент_қаласы_білім_басқармасы  #Қосымша_білім_беру_орталығы #bilim_Shymkent #Мектепшілік_жарыс_спорт
Бала тәрбиесі баршамызға ортақ
21
сентябрь
2023
Бала тәрбиесі баршамызға ортақ
Бүгінгі  2023-2024 оқу жылының алғашқы мектепшілік ата-аналар жиналысы болып өтті. Жел бесіктен, жер бесікке дейінгі адам өміріндегі тәрбиенің ұйытқысы ата - ана мен мектеп. Болашақ десек те, келешек десе де бала - ұрпақ деген мағынаны білдіреді. Адамның өзге тіршілік иесінен айырмашылығы – дүниеге перзент әкелген соң, оның болашағын ойлау, адам етіп тәрбиелеу. Бүгінгі жиналысымыздың тақырыбы: «Бала тәрбиесі баршамызға ортақ» Мақсаты: Ата-аналарды балаларға жауапкершілікпен қарауға шақыру. 
Тіл - баға жетпес мұра
21
сентябрь
2023
Тіл - баға жетпес мұра
Оразбай атындағы 115 негізгі орта мектебінде Қазақстан Республикасының Тілдер мерекесі күніне арналған ''Тіл - баға жетпес мұра'' тақырыбындағы онкүндік жоспарына сай ''Тіл - достықтың кепілі'' ("Language is the guarantee of friendship'') тақырыбында 9-сыныптар арасында ағылшын тілі пәнінен пікір-талас сайысы өтті. Мақсаты: оқушыларды кез келген ортада ойын еркін әрі жүйелі жеткізуге дағдыландыру, сөздік қорын молайту. #Шымкент_қаласы_білім_басқармасы  #Қосымша_білім_беру_орталығы
Сәрсенбі күнгі ас мәзірі
20
сентябрь
2023
Сәрсенбі күнгі ас мәзірі
#Шымкент_қаласы№115_НОМ #Ыстық_тамақ #Ас_мәзірі
Өзге тілдің бәрін біл,өз тіліңді құрметте
18
сентябрь
2023
Өзге тілдің бәрін біл,өз тіліңді құрметте
Оразбай атындағы 115негізгі орта мектебінде Тілдер мерекесіне орай,"Тіл-баға жетпес асыл мұра"атты онкүндік жоспарға сәйкес 9сынып оқушыларымен "Өзге тілдің бәрін біл,өз тіліңді құрметте"тақырыбында пікір сайыс өткізілді. Оқушылар сайысқа  белсенді қатысып,өз ойларын ортада талдады. Сайыстың мақсаты: оқушыларға  тіл – қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі, құдыреттілігін сезіндіре отырып, тіл байлығы - әрбір елдің ұлттық мақтанышы және де  ана тілі – ең басты байлығымыз,  - екенін ұғындыру.
Тілім-тірегім,кеудемде соғып тұрған жүрегім
18
сентябрь
2023
Тілім-тірегім,кеудемде соғып тұрған жүрегім
Қазақстан Республикасы Тілдер мерекесіне арналған"Тіл-баға жетпес асыл мұра"атты онкүндік жоспарға сәйкес Оразбай атындағы 115 негізгі орта мектебінің 6-сынып оқушылары арасында"Тілім-тірегім,кеудемде соғып тұрған жүрегім" тақырыбында сайыс сабақ өткізілді.  Мақсаты:Өскелең ұрпақтың бойына еліне,жеріне, өз ана тіліне деген патриоттық сезімін қалыптастыру.Шығармашылық ойлау мен өз ойын еркін жеткізу дағдысын дамыту. "Тілім-тірегім,кеудемде соғып тұрған жүрегім"деп ақын жырлағандай,Тіл-ұлттың
Тіл-татулық тірегі
17
сентябрь
2023
Тіл-татулық тірегі
2023 жылдың 04.09-29.09 аралығында гуманитарлық пәндер арасында "Тілім-менің мақтанышым" тақырыбында айлық бағдарлама негізінде Оразбай атындағы 115 негізгі орта мектебінде "Тіл-татулық тірегі" тақырыбында 7-сынып оқушыларына сайыс сабақ өткізілді. Мақсаты:   Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін,шешендік сөздер, мақал-мәтелдерді ұтымды пайдалана білуге үйрету,ана тілінің қадір-қасиетіне, болашағына қамқор болып, дамыту үшін өз үлестерін қосуы керек екендігін ұғындыру. Сабақтың әдісі:
Азық - түлік қоймаларының талапқа сай болуы
17
сентябрь
2023
Азық - түлік қоймаларының талапқа сай болуы
"ЫСТЫҚ ТАМАҚ" Бүгін мектептің ата- аналар комитетінің мүшелері  мен қамқоршылық кеңесі мүшелерінен құрылған бракераж комиссиясы , ата - аналар арасынан түзілген кезекші аналар қауымымен  бірлесіп мектеп асханасының санитарлық - эпидемиологиялық талапқа сай болуы мен оқушылардың ыстық тамағының сапасын тексерді. Азық - түлік қоймаларының талапқа сай болуы , "Бақылау асының " талапқа сай сақталуы тексерілді. Тамақ өнімдерінің сапасын растайтын құжаттардың көшірмелерінің сәйкестігі, дайын тамақтың
Тілім-менің мақтанышым
15
сентябрь
2023
Тілім-менің мақтанышым
2023-2024жылдың 04.09.-29.09 аралығында гуманитарлық пәндер арасында "Тілім-менің мақтанышым" тақырыбында айлық бағдарлама басталғанына орай,  Оразбай атындағы 115 негізгі орта   мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің бірлестігі "Тіл тазалығы" акциясын ұйымдастыра отырып, «Тілім- тұмарым» атты тәрбие сағатын өткізді. Мақсаты: Жас ұрпаққа ана тілінің қызметін өрісін кеңейту, оны біліммен тәрбие түсініктің мықты құралға айналдыру керек екенін түсіндіру. #Шымкент_қаласы_білім_басқармасы 
Тіл-баға жетпес қазына
15
сентябрь
2023
Тіл-баға жетпес қазына
Қазақстан Республикасы Тілдер мерекесіне арналған "Тіл-баға жетпес мұра"атты онкүндігі жоспарына сәйкес, Оразбай атындағы 115 негізгі орта мектебінің 7сынып оқушылар арасында "Тіл-баға жетпес қазына"тақырыбында ағылшын тілі мұғалімдері ұйымдастырған сайыс-сабақ болып өтті. Мақсаты:"Өзге тілдің бәрін біл,өз тіліңді құрметте" дей отырып,оқушылардың тілге деген қызығушылығын дамытып,туған халқының тілін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу. #Шымкент_қаласы_білім_басқармасы